1,8 миллион адам мүлік салығын әлі төлемеген

Қазақстанда мүлік салығын уақтылы төлемейтіндер көп. ҚР Мемлекеттік салық комитетінің хабарлауынша,  былтырғы жылдың салығын 1,8 млн. меншік иесі әлі күнге дейін төлемеген. Ал олардың барлығы төлеуі керек салық мөлшері — 7,1 млрд. теңге.

Салық заңнамасына сәйкес алдағы уақытта төлеу керек салық туралы хабарламалар биыл шілде айында мүлік иелеріне жіберілген. Бұдан басқа, «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді. Ескертуге қарамастан, салық төлеуге асықпайтындар көп боп тұр.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 2 қазаннан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаларды борышкерлерге жіберетінін ескертті.

1 айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.

Айта кетейік! Салықты «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Ал 2022 жылғы 1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің  2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago