Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта тағайындалатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қаңтардан бастап әлеуметтік саладағы төлемдер мен қызметтердің барлық түрлері проактивті форматта ұсынылады. Яғни, азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмек ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар жүйеден кезең-кезеңімен шығарылады,
деді Дүйсенова Үкімет отырысында.лықтырды министр.
Айта кетейік, мемлекеттік қолдау толығымен проактивті форматқа ауысады деген норма жаңа Әлеуметтік кодексте қамтылған. Кодексті бүгін, 27 желтоқсанда Үкімет бекітті.
Жаңа ереже бойынша азамат мемлекеттік қолдауды тиісті органдарға жүгінбей-ақ ала алады. Бұл қажеттілікті мемлекет өзі анықтайды және барлық процедураларды автоматты түрде орындайды.
Проактивті формат азаматқа мемлекеттік қызметті алуды мемлекеттің өзі ұсынатын жүйе. Мысалы, жаңа туған нәрестенің анасы мобильді азаматтардың базасында тіркелсе, нәресте дүниеге келгеннен кейін оған хабарлама келеді. Әйел оған жауап беру арқылы нәрестенің туу туралы куәлігін ғана емес, әлеуметтік төлемнің тағы екі түрін беріп, баланы балабақша кезегіне қоя алады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…