Оқиға

1 келісі – 1550 теңге: Киік еті ашық саудаға салынған

Облысқа Қарағандының ет өңдеу зауытынан келісімшарт негізінде 120 бас киік еті тасымалданған.

Қызылордада «Қызыл кітапқа» киік еті ашық саудаға салынған, оның 1 келісі 1 550 теңгеге саудаланыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдразақов облысқа Қарағандының ет өңдеу зауытынан келісімшарт негізінде 120 бас киік еті тасымалданғанын айтады.

26 қазан күнгі әлеуметтік желілерде киік сату мәселесі бойынша инспекция мамандарымен, құқық қорғау органдарымен және «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жедел қимыл жасалып, киік сатып жатқан автокөлік Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Қазір жедел тергеу амалдары жүргізілуде, заңдылықтарына сәйкес. Айта кететін болсақ, республика аумағында 4 облыста киіктердің санын реттеу үшін аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының ет өңдеу зауыттарынан келісімшарт арқылы 120 бас киік Қызылорда қаласына тасымалданған. Оның қаншалықты заңдылыққа сай келетінін құқық қорғау орындары бағасын береді. Қызылорда облысы көлемінде киіктерді аулауға, яғни, киіктердің санын реттеуге рұқсат берілмеген,

дейді ол.

Жалпы, қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 30-ға жуық дерегін анықтаған.

Іс-шараның басты мақсаты – биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 7 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 27 дерегі (1 қылмыстық іс және 26 әкімшілік құқықбұзушылық) анықталып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago