Атақ және ақша

«1 миллион доллар»: Баян Алагөзова қарызға батқан кезін еске алды

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы жобалары үшін қарызға батқан кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Syrlasu Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Продюсер қызы Айсәуле Бақытбекке бүкпесіз жан сырын ақтарды. 

“Осыдан 10 жыл бұрын, 2-3 жобам сәтсіздікке ұшырап, қарызға баттым. Миллион доллар қарызым болды. Ол ақшаны ұрлап алған жоқпын. Істеген жұмысымның нәтижесі табыс әкелмеді. Сол кезде де мен өмірден баз кешіп, түңілген емеспін. Кез-келген дүниеге жеңіл қараймын. Қайғының түбіне де кетіп қалмадым. Ешкім мені келіп миллион доллар қарыздан шығармайды. Ол туралы сендер де білмейтін шығарсыңдар?!. Білген күннің өзінде сенде менің қарызымды жабатындай миллион доллар жоқ. Онда неге сендерді уайымға батыруым керек?!. Өзімнің де көңіл-күйім түспеді. Қол-аяғым мен басым бар, денім сау. Жұмыс істеуге қабілетті болып тұрғанда неге қайғырып жатуым керек деген ой болды. Сол ой мені қарыздан алып шықты. Қаншама жобаларым сәтті болып, миллион әкелді. Өмірдің осындай қарызға кіретін кезеңі болады. Ол кезеңнен мен де өттім. Сол кезде миллион теңге болмады менде. Бірақ өзімді жеп, жек көріп кеткен жоқпын. Тып-тыныш ұйықтадым.  Иә, қарызбын. Екі жылдан кейін тауып қайтардым. Егер өз-өзімді жеп, кінәласам, өзімнің психикама, денсаулығыма әсер етер еді. Саналы түрде бұдан өзіме жаман болатынын білдім», – дейді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago