1 триллион 258 миллиард: Алматының 2023 жылға арналған бюджеті қайда жұмсалады?

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті — 1 триллион 258 миллиард теңге.

Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары қала бюджетін бекітті. Сонымен, келесі жылы бюдет төмендегідей салаларға жұмсалады:

  • Мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, вакциналар сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға 776,6 миллиард теңге;
  • Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 миллиард теңге;
  • Бюджеттік алуларға 207,2 миллиард теңге;
  • МЖӘ шеңберіндегі міндеттемелерге және мемлекеттік қарызды өтеуге 21,4 миллиард теңге;
  • Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға 22,5 миллиард теңге.

«Алматы қаласы бюджетінің жартысы тұрғындарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады. 2520 орындық 10 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр, тағы 5000 орындық мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларға беріледі.

Жалпы 337 мың оқушыны қамтитын 211 мектепті, 16 интернаттық мекемені, 50 колледжді ұстауға 242,5 миллиард теңге жоспарланған. 18 мектептен тыс ұйымға қосымша білім беруге тағы 2,2 миллиард теңге қарастырылған.

2505 тәрбиешіні, 3000 мектеп мұғалімін, 150 қызметкерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға басқарушы персоналдан 2,8 миллиард теңге бағытталады,

делінген әкімдік хабарламасында.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago