Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару барысы туралы айтты.
Садырбековтың айтуынша, бүгінге дейін құқық қорғау органдары мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық мүлік пен активтерді қайтарған.
Оның ішінде 600 миллион долларға жуығы басқа мемлекеттерден қайтарылған активтер. Нақтырақ айтсам, менің білуімше, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 15 млн долларға жуық, Австриядан – 82 млн доллар, Лихтенштейннен – 260 млн доллар, Гонконгтан – 2 млн доллар,
деді бас прокурордың орынбасары.
Садырбеков ел ішіндегі активтер бойынша ақшадан бөлек ірі компаниялардың акциялары, қонақүйлер, базарлар, элиталық бизнес орталықтары, жер телімдері қайтарылғанын айтты.
Ішінде мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар теміржол желілері де бар,
деді Ғабит Садырбеков.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…