Қоғам

1 желтоқсаннан бастап Байқоңыр қаласына кіру тәртібі өзгереді

Енді қазақстандықтарға жабық қалаға кіруге рұқсат алу үшін алдын ала құжат тапсырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды “Informburo” порталы.

Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртайдың айтуынша, Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясында жасалған келісім бірінші желтоқсанда күшіне енеді. 

Байқоңырға кіреберісте бақылау-өткізу пункті орналасқан. Қалаға кіріп-шығу тәртібін әскерилер қадағалайды. Ол үшін арнайы құжаттар жинақтап, кемінде 10 күн бұрын қала әкімшілігіне қызметтік немесе жеке мәселе бойынша Байқоңырға кіру жөнінде өтініш беріледі. Содан кейін рұқсат қағазын әзірлеу процедурасы жүреді. Жедел рұқсат қағазы төтенше жағдайларда мысалы, туған-туысы қайтыс болғанда беріледі. 

Үкіметаралық келісім бойынша Байқоңырға қонақ болып келетін болсаңыз арнайы режим комиссиясына барып, келісім бойынша он күн бұрын өтініш беруіңіз керек. Осы келісімге өзгеріс енгізілді. 1 желтоқсаннан бастап бақылау-өткізу бекеті пилоттық режимде қазақстандықтарды кіргізетін болады,  

дейді Қайрат Нұртай.

Байқоңыр – Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген қазақстандық қала. Қолданыстағы мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, «Байқоңыр» кешені (оның құрамына ғарыш айлағы мен қала кіреді) 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілді және осы уақыт ішінде ол Ресейде федералдық маңызы бар қала мәртебесіне де ие болмақ.

Бүгінде Байқоңырда 75 мыңға жуық адам тұрады. Оның үштен екісі қазақстандықтар. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago