Мәжіліс депутаты Абзал Құспан алқабилер сотының жұмысы неден тұратынына түсініктеме берді, деп хабарлады inbusiness.kz.
Бізде алқабилер соты дамыды деп айта алмаймыз. Сол себепті де қазіргі таңда дәл осы алқабилер сотына қатысты біздің жұмыс тобында көптеген өзгертуді енгізу қарастырылып отыр. Біріншіден, алқабилер сотының қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санатын кеңейту мәселесі тұр. Қазіргі таңда алқабилермен қаралатын қылмыстық істер өте аз,
деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Тілшілер «Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер соты қаншалықты әділ шешім қабылдайды деп ойлайсыз?» деп сұрады.
Менің ойымша, бұл жерде алаңдауға еш негіз жоқ. Біріншіден, алқабилер дегеніміз қоғамның өкілі. Бұл жерде кәсіби судья қатысады. 10 судьяның бірі кәсіби судья да, қалғаны алқабилер құрамында,
деп жалғастырды ол.
Депутат Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, алқабилердің қатысуын тек сотталушы таңдай алатынын жеткізді.
Жәбірленуші істің алқабилер сотында қаралуын талап ете алмайды. Бұл тек қана сотталушының құқығы. Қазақстанда ғана емес, жалпы әлем бойынша алқабилер соты институты бар елдің бәрінде сондай. (…) Бұл сотқа келіп, жай ғана дауыс бере салу емес. Екі тарап бар. Олардың адвокаттары бар. Істі қарап отырған судья, прокурорлар бар. Олардың барлығы өздерінің уәждерін айтады, қылмыстық істің материалдары зерттеліп, зерделенеді. Басынан бастап қатысып отырған алқаби мүшелері өздерінің қорытындысын айтады. Бірақ бұл дауыс беру арқылы жүзеге асады. Әр адам бір дауысқа ие. Соның ішінде кәсіби судья да бір-ақ дауысқа ие. Он алқаби мүшесі болатын болса, біреуі кәсіби судья, тоғызы заңгерлік немесе құқық қорғау органдарында қызмет өтілі жоқ қарапайым адам, яғни қоғамның өкілі. Он алқабидің алтауы (сотталушыны) кінәсіз деп дауыс беретін болса, онда адам кінәсіз деп танылады,
деді Абзал Құспан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…