Categories: Саясат

«10 пәтерді пара ретінде алған»: Серік Жұманғарин мәлімдеме жасады

«Маған жала жауып отыр!». Он бірдей пәтерді пара ретінде алды деген ақпаратқа қатысты вице-премьер әрі Сауда және интеграция министрі осындай жауап қатты. Ақпарат таратқандармен адвокатым айналысып жатыр дейді Серік Жұманғарин, деп хабарлады «КТК» арнасы.

Өткен аптада интернет арналардың бірі оны Ақтөбе қаласынан құны 60 миллион теңгеге жуықтайтын 10 пәтерді пара ретінде алды деп айыптады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарған тұста Жұманғарин әлдекімдердің мүддесін қорғады деп ақпарат таратқан болатын. Сауда министрі ол пәтерлердің шынында өзіне тиесілі болғанын растады. Бірақ ешқандай да пара емес. Айтуынша, ол үйлерді өзі құрған бизнес компаниясы тұрғызған. 35 жасыма дейін жеке кәсіппен айналыстым деген Серік Жұманғарин кейін үйлерді сатқысы келгенмен, алатын адам табылмағанын айтады. Сондықтан өз атыма аударып алуға тура келді дейді вице-премьер.

Ол үйлерді 2007 жылы салып бастаған едік. Бірақ сол бір жылдары ипотекалық дағдарыс болып, құрылыс біраз тұралап қалды. Жеке шаруамды реттеу үшін 2011 жылы мемлекеттік қызметтен кетіп қалдым. Әйтеуір инвесторлар тартып, 2012 жылы ғана үй құрылысын бітірдік. Бірақ пәтерлердің аумағы үлкен болғандықтан ешкім ала қоймады. Заңды тұлғаларға салық көбірек, оның зияны компанияға тиіп жатты. Сондықтан 2016 жылы пәтерлерді өз атыма аударуға тура келді. Бұл жерде ешқандай қылмыс жоқ,

деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago