Қамаудағы Мейіржан Төребаевтың мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Оразбақова блогерді түрмеге тыққысы келгендердің барлығына жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.
Адвокат Жанна Оразбақованың әлеуметтік желідегі жазбасына зер салсақ, ол Мейіржан Төребаевтың қаржы пирамидасына жарнама жасағаны үшін емес, оны құрғаны үшін соттағалы жатқанын жазды.
«Ол жарнамалады ғой» — Мейіржанның қанын талап етушілердің басты дәлелі осы. Иә, ол жарнама жасағанымен, сол кезде, яғни 2020 жылдың күзінде «Астекстің» де, «Мударабтың» да дәуірі жүріп тұрған, жүздеген салымшылары болды. Бірақ Мейіржанды енді жарнамасы үшін емес, қаржы пирамидасын құрғаны үшін соттағалы жатыр. Бірақ ол құрушы немесе жетекші емес, қонақ актер болғаны бәріне анық,
деді Жанна Оразбақова.
Адвокаттың айтуынша, біздің елде жарнама ролигі жоқ жүздеген пирамида бар. Бірақ олардың барлығы 5 мыңнан астам азаматты алдаған көрінеді.
Осы «пирамидаға» жұрттың өзі туыстарын, достарын сүйреп апарған. Достарын әкелгені үшін тіпті біреуі сотталды деп ойлайсыз ба? Жоқ! Сонда Мейіржанның олардан қандай айырмашылығы бар?,
деп ашуланды адвокат.
Оның айтуынша, егер адамдар Мейіржанды жазалағысы келсе, оны ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы «қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалау» бойынша соттау керек. Яғни, блогерге айыппұл салынуы керек, деп есептейді қорғаушы.
Тағы да қайталаймыз: енді Мейіржан сотталғалы жатыр, оны таза 10 жыл күтіп тұр. Жарнама үшін емес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында «пирамида» құрғаны үшін. Бірақ ол компания Мейіржанға дейін құрылып, жақсы жұмыс істеп тұрғаны белгілі ғой,
деді Төребаевтың қорғаушысы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…