Маңызды

100 млрд теңге: Құмар ойын нарығы бәрін басып озды

Ұлттық статистикаға сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда былтыр құмар ойындар мен бәс тігу қызметтерінің көлемі 40 есеге өсті.

Соңғы 2 жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп жұмсайтын жетекші орынға ие болды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты.

Бұл кітапханалар мен мұражайларға қарағанда 70 есе, шығармашылық пен өнерге қарағанда 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп.

Қазір бұл бағыттағы жарнама кез келген онлайн-платформада қолжетімді. Бұл өз кезегінде мәселенің кең өріс алуына себеп болып отыр.

Бүгінде ешкім лудомания мәселесімен айналыспайды. Салық органдары тек салық төлетуге мүдделі. Жергілікті атқарушы органдарға бюджетке түсетін түсімдер маңызды. Кәсіпкерлер кірісті «қуады». Нәтижесінде халық зардап шегеді: азаматтар мүліктерін салып, несие алады. Артынан ажырасады, жұмысынан айырылады, қылмысқа барады, өмірмен есеп айырысады.

Жақында ғана Ақтөбелік жас жігіт әкесінің жалақысын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған еді. 23 жастағы жігіт букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылған.

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.  Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago