Categories: Қоғам

100 мың бос орын болса, халық неге тентіреп жүр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, биылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер 98 мың бос жұмыс орны туралы ақпаратты орналастырып, жақсы кадр іздеген.

Маусым айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,1 мыңға немесе 9%-ға артты. Жасыратыны жоқ, бүгінде елде білікті маман табу мұңға айналды. HR мамандары оларды тауып, тартудың бір құпиясымен бөлісті. Егер вакансия туралы хабарландыруда «Еңбекке жарамсыздық парағы төленеді» деп жазса, ол өз қадірін білетін майталман мамандарды қызықтырады екен, деп хабарлайды Айқын агенттігі.

Себебі бұл – компанияның әрбір команда мүшесін бағалайтынын білдіреді. Әйтпесе, қазіргі заманда еңбекақы төлеу қорының жүктемесі өсіп бара жатқандықтан, компаниялар өз персоналының үлкен бөлігін аустаффингке шығаруға немесе олармен азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт бекітуге, болмаса жұмыстары мен қызметтерін, өндірісін аутсорсингке тапсыруға үйір болып барады.

2023 жылғы шілдеден бастап халық арасында «больничный» аталатын, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленетін жәрдемақы көлемі айтарлықтай артып отыр.

Жаңа норма биыл қабылданған «Кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қарастырылған. Осы заң арқылы қолданыстағы Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді.

Бұған дейін ел Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1103 Қаулысымен бекітілген дәл осы жәрдемақының мөл­шері небәрі 15 айлық есептік көрсеткіш болатын. Бұл биыл 51 750 теңгеге тең еді. Енді оның көлемі 25 АЕК-ке немесе 86 250 теңгеге дейін шамалы өсірілді.

HR-менеджер Айдар Қасенов мұны да аз санайды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа заң жобасында «еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс» деп қадап айтылған. Бұл елдегі ең төменгі жалақыдан, яғни 70 мың теңгеден сәл ғана көп. Сонымен бірге осы азғантай сомадан барлық салық пен жарна – зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, медсақтандыру жарнасы ұсталады. Яғни, ресми жалақысы 150 мыңнан көп адамдарға жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу тиімсіз болып шығады. Салдарынан еңбеккерлер едәуір табысын жоғалтпас үшін ауырып жүріп, жұмыс істеуін жалғастырады. Бұл әрине, жұмыс сапасына кері әсер етеді.

Еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекке уақытша қабілетсіз болып қалған жұ­мыскерлерге жұмыс берушілері өз есе­бінен төлейтін әлеуметтік жәрдема­қының көлемін мемлекет шектейді. Әлгінде айтылғандай, жұмыс беруші 25 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ғана төлейді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылғы екінші тоқсанда республикадағы орташа жалақы 365 502 теңгені құрады. Бұл соманың 45 пайызы 164 475 теңгені құрайды. Демек, «больничный» мөлшері де осыншаны құрауы қажет еді.

Ал елімізде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақының табысты алмастыру көрсеткіші небәрі 23,6%-ды құрайды (86 250 теңге). Бұған дейін 19,8% болатын. Яғни, ХЕҰ бел­гілеген межеден – 45 пайыздан екі еседей кем.

Үкімет уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысын 35 АЕК-тен жоғары ету орнына, оны ақырында 25 АЕК-ке дейін түсіріп тастады.

Сарапшылардың пікірінше, осының кесірінен шенеуніктер ұлт саулығына соққы беріп отыр деуге болады. Өйткені аталған жәрдемақының мемлекет кепілдендірген мөлшері әлдебір дертке шалдығып немесе жарақат алып, еңбекке жарамай қалған жұмыскерлердің емделумен, операциялармен, медициналық рәсімдермен және манипуляциялармен, дәрі-дәрмектер алуымен, кейінгі қалпына келумен, соның ішінде оңалту іс-шараларымен, дәрі-дәрмектермен, көлік шығыстарымен және басқасымен байланысты толып жатқан қосымша шығыстарын мүлдем өтемейді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны азайып барады. Әрбір 1 мың жұмыс істейтін азаматқа 740 қария немесе баладан келеді (5 жыл бұрын 496 қарт не баладан келетін). Осыдан елдегі жұмыс қолына түсетін демографиялық жүктемені аңғаруға болады. Мамандардың айтуынша, дұрысы, 1 қария не балаға 1,5, не 2 жұмыс істейтін адамнан келгені абзал.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago