12 тамызда магистратураға түсуге құжаттар қабылданады

12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Елімізде барлығы 43 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 42%-і шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 71 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинады.

Кешенді тестілеу (КТ) өткізу кезінде 328 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 176 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 148 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Сонымен қатар, постпрокторинг қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Олар емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан алып шығуға тырысқан.

Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылды:

  • Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы;
  • жеке куәлік бойынша;
  • отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізілді.

Қабылданған шаралар арқасында КТ-ге кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды. Қатысушылар өзінің орнына басқа адамды кіргізіп, тестілеуден өтпек болған. Бұл жағдайға қатысты шаралар қабылданды.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда магистратураға тапсырушы апелляцияға электрон түрде өтініш бере алды. Биыл апелляцияға 20 мыңнан астам өтініш берілді, оның 121-і қанағаттандырылды.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша байқау негізінде беріледі.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуал комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз, болашақ магистранттар құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады деген сөз.

Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
  • КТ сертификаты;
  • бар болған жағдайда шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар.

075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсыруға болады.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған – 3 642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3 429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика мамандықтарына 1 278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 1 233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар мамандықтарына 527 грант бөлінді,

деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығы директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және жұмыс берушілердің кадрларға қажеттігі бойынша ақпараты негізінде бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығы сайтында жарияланады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago