Фото: ашық дереккөзден
Оралда 12 жастағы қыздың зорлану оқиғасы бойынша тың деректер жарияланды.
Орал қаласында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 5 адам қамауға алынды. Қорғансыз қызды жәбірлегендер- 9 және 10-класс оқушылары мен студент, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлады.
6-класта оқитын қызының үйге келмегеніне алаңдаған анасы полицияға хабарласқан. Жоғалған жеткіншек бір күннен кейін жалдамалы пәтерден табылды. Қыз баланың айтуынша, оған осы үйде зәбір көрсеткен.
Күдіктілер бірден қамауға алынды. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты, соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған. Олар айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған,
деді қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…