13 мыңнан астам қазақ «қандас» мәртебесін алды

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, «қандас» мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 101,2 мың этникалық қазақ оралды.

2022 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастың жартысынан көбі Өзбекстаннан — 68,7%, Қытайдан — 10%, Түркіменстаннан — 7,9%, Моңғолиядан — 4,6% және 8,8%-і басқа елдерден.

Олар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%), Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларына қоныс аударған.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық көшіп-қонушылар — 58,7%, еңбекке жарамды жасқа толмағандар — 27,5%, зейнеткерлер — 13,7%.

Еңбекке жарамды жастағылардың 13,2%-інің жоғары білімі бар, 38,9%-інің арнаулы орта білімі бар, 46%-інің жалпы орта білімі бар, 1,8%-інің білімі жоқ.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago