Categories: Қоғам

14 тамызда бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 14 тамызда республиканың 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. 14 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында толассыз жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус аптап ыстық болады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта толассыз жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago