Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына санаулы күн қалды. Кандидаттар мен түрлі партиялар халықтың назарын өзіне аудару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ras aitamyn Telegram-арнасының авторлары Respublica партиясының үміткерлері қолданып жатқан өзін-өзі жарнамалаудың өте қызықты тәсілдері жайлы жазды.
Өзін кәсіпкерлер партиясы ретінде танытқан Respublica Тиктокта өзінің әуенін таратты. Осындай жолдары бар әуенге блогерлер мен желі ықпалдыларының біразы бірсарынды видео түсіріп, би билеген.
жаңа адамдар, жаңа қадамдар, каждый авторитет в Республике”
Партия өзін-өзі жарнамалаудың тағы бір “ерекше” тәсілін қолдануда – желіде жас қыздар «краш кандидат» тірек сөзімен видео түсіріп, үміткерлердің сымбатына тамсануда.
қандай биг және вип азамат! Мен кімге дауыс беретінімді білемін, Мен ешқашан саясатқа араласпадым, бірақ ол…, «Қазақстандағы ең әдемі депутат!
деп жарыса жазып жатыр желідегі арулар.
Дауыс беру қажеттігі туралы айта отырып, жарияланым авторлары үміткердің сыртқы келбетіне назар аударады, алайда олардың өмірбаяны мен сайлау бағдарламасы жайлы айтылмайды.
Блогерлердің бірі Ras Aitamyn-ға партия өкілдері блогерлерді қалай сатып алып жатқанын айтып берген. Ол Айдарбектің фотосымен, «Жаңа адамдардар, жаңа қадамдар» хэштегімен түсірілетін видео үшін оған 15 000 теңге ұсынылғанын жеткізді.
Оның айтуынша, 5 мың және одан көп жазылушысы бар блогерлердің TikTok-та Telegram чаты бар, онда әкімші видео түсіру тапсырыстарын жіберіп отырады, не түсіру керегін, қалай түсіру керегін айтады.
Әкімші маған өзі жазып, дайын роликті қайталап, Respublica партиясы өкілдерінің бірінің суретін қосып, 15 000 теңгеге видео түсіруді өтінді. Мен бұл тапсырысты орындаудан бас тарттым,
дейді блогер.
Айта кетсек, Respublica партиясының құрылғаны туралы бизнесмен Бейбіт Әлібеков 2022 жылғы 29 тамызда өзінің Telegram-арнасында жариялады.
18 қаңтарда, сайлауға екі ай қалғанда, Respublica партиясы Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…