Categories: Саясат

15 мың теңгелік «VIP and BIG boy» : Respublica партиясы блогерлерді қалай сатып алып жатыр

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына санаулы күн қалды. Кандидаттар мен түрлі партиялар халықтың назарын өзіне аудару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ras aitamyn Telegram-арнасының авторлары Respublica партиясының үміткерлері қолданып жатқан өзін-өзі жарнамалаудың өте қызықты тәсілдері жайлы жазды.

Өзін кәсіпкерлер партиясы ретінде танытқан Respublica Тиктокта өзінің әуенін таратты. Осындай жолдары бар әуенге  блогерлер мен желі ықпалдыларының біразы бірсарынды видео түсіріп, би билеген.

жаңа адамдар, жаңа қадамдар, каждый авторитет в Республике”

Партия өзін-өзі жарнамалаудың тағы бір “ерекше” тәсілін қолдануда – желіде жас қыздар «краш кандидат» тірек сөзімен видео түсіріп, үміткерлердің сымбатына тамсануда.

қандай биг және вип азамат! Мен кімге дауыс беретінімді білемін, Мен ешқашан саясатқа араласпадым, бірақ ол…, «Қазақстандағы ең әдемі депутат!

деп жарыса жазып жатыр желідегі арулар.

Дауыс беру қажеттігі туралы айта отырып, жарияланым авторлары үміткердің сыртқы келбетіне назар аударады, алайда олардың өмірбаяны мен сайлау бағдарламасы жайлы айтылмайды.

Блогерлердің бірі  Ras Aitamyn-ға партия өкілдері блогерлерді қалай сатып алып жатқанын айтып берген. Ол Айдарбектің фотосымен, «Жаңа адамдардар, жаңа қадамдар» хэштегімен түсірілетін видео үшін оған 15 000 теңге ұсынылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, 5 мың және одан көп жазылушысы бар блогерлердің TikTok-та Telegram чаты бар, онда әкімші видео түсіру тапсырыстарын жіберіп отырады, не түсіру керегін, қалай түсіру керегін айтады.

Әкімші маған өзі жазып, дайын роликті қайталап, Respublica партиясы өкілдерінің бірінің суретін қосып, 15 000 теңгеге видео түсіруді өтінді. Мен бұл тапсырысты орындаудан бас тарттым,

дейді блогер.

Айта кетсек, Respublica партиясының құрылғаны туралы бизнесмен Бейбіт Әлібеков 2022 жылғы 29 тамызда өзінің Telegram-арнасында жариялады.

18 қаңтарда, сайлауға екі ай қалғанда, Respublica партиясы Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

21 час ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

22 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

22 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

22 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

24 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago