Виктор Цойдың ұлты кім? 15 тамыз — аңыз адам дүниеден өткен күн

Аты аңызға айналған әншіні Қазақстанмен не байланыстырады?

Әншінің әкесі Роберт Цой Қазақстанға депортацияланған кәрістердің бірі. Роберт Максимович берген бір сұқбатында, оның ата-бабалары Ким Ир Сен тұсында Солтүстік Кореяда өмір сүргенін айтты. Ағасы Қиыр Шығыста дүниеге келсе, өзі Қызылорда қаласында туылған.

«Бір қала бар, ол оңтүстіктен Ташкент жаққа қарай, Алматыға жүресің. Барлық пойыздар біздің қала арқылы өтетін», — деген ол.

Мектепті бітірген соң Роберт Цой Ленинград қаласында оқуға түседі. Оқып жүріп болашақ жары – Валентина Васильевнаны кездестіреді. Көп ұзамай отбасын құрып, жалғыз ұлдары – Виктор дүниеге келген.

pkzsk.info

Виктор Цой 1962 жылы, 21 маусымда  Ленинград қаласында дүниеге келген. Ол бала күнінен сурет салуға бейім болған. 15 жасында көркемөнер мектебін бітірген.  Сондай-ақ, жас кезінде Михаил Боярский, Владимир Высоцкий, Брюс Лиге еліктеп, шығыс жекпе-жегімен айналысқан.   Музыкадағы алғашқы қадамы көркемөнер мектебінде жүріп қабылданған Максим Пашковтың жетекшілігімен құрылған «Палата № 6» группасынан басталды.   Ал, 1980 жылдың басында «Автоматические удовлетворители» панк-группасы құрылып, Цой топ мүшелерімен Мәскеуге барады.

Осындай сапарлардың бірінде әнші Борис Гребенщиковтың көзіне түседі. Осылайша, 1981 жылы «Гарин и Гиперболоиды» тобы құрылады.  Көп ұзамай Б.Гребенщиковтың жетекшілігіндегі топтың атауы «Кино» болып өзгертіледі. Алғашқы альбомдары «45» атауымен жарық көрген.

Олардың ішіне «Последний герой», «Алюминиевые огурцы», «Мама Анархия», «Видели ночь», «Группа крови», «Звезда по имени Солнце» және т.б танымал әндері енген.

1983 жылдың күзінде Виктор Цой әскерден қашып, Пряжкадағы психиатриялық ауруханада бір жарым ай тексеруден өткен. Психиатриялық клиникадан шыққаннан кейін ол «Транквилизатор»  әнін жазады. Көктемде ол рок-клубтың екінші фестивалінде өнер көрсетті, онда «Кино» тобы лауреат атанды. Фестивальді ашқан «Я объявляю свою дом безъядерной зоной» әні 1984 жылғы фестивальдің үздік соғысқа қарсы әні деп танылды.

1984 жылдың ақпанында Виктор Марьяна есімді аруға үйленді. Олардың тойларына Борис Гребенщиков, Майк Науменко, Александр Титов, Юрий Каспарян, Георгий Гурьянов секілді сол заманның барлық танымал рок-орындаушылары жүрді. 1985 жылы 5 тамызда бұл шаңырақта Виктордың жалғыз баласы Александр дүниеге келді.

pkzsk.info

1985 жылдың көктемінде «Кино» тобы Ленинград рок-клубының үшінші фестивалінің лауреаты атанып, ал бір жылдан кейін төртінші рок-фестивалдің «Үздік ән мәтіні» деп танылды.

1986 жылы «Кино» және «Аквариум» топтары АҚШ-та концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, сол жерде «Красная волна» (Red Wave) альбомын жазды.

КСРО-да әр адамның ресми жұмысы болуы қажет еді, әрі бейресми өнермен айналысқан Виктор Цой басқалар секілді қылмыстық қудалаудан қашып, жұмыс істеді. Мысалы, 1986 жылдың жазында Виктор ардагерлер даңғылындағы моншаны күніне бір сағат тазалап тұрды. Сол жылдың күзінде оны Сергей Фирсов «Камчатка» қазандығына пеш жағушы болып жұмыс істеуге шақырды.

pkzsk.info

Екеуі де 1988 жылға дейін сол жерде жұмыс істеді. Осы атақты қазандықта әртүрлі уақытта Александр Башлачев, Святослав Задерей, Андрей Машнин секілді басқа да белгілі музыканттар еңбек етті. Мұнда сауық кештері мен бейресми концерттері өтті. Қазір бұл қазандықта Виктор Цойдың мұражай-клубы орналасқан.

Ол кескіндемемен айналысуды тоқтатпады. 1988 жылы Нью-Йоркте өткен Ленинградтың қазіргі заманғы суретшілерінің көрмесіндегі 10 сурет Виктор Цойдың қылқаламынан шыққан.

Триумф

1988 жылы Рашид Нұғмановтың «Игла» культтік фильміне түсу үшін Цой Алматыға келеді. Бұл кино Қазақстанның бұрынғы астанасын бүкіл Кеңес Одағына асқақтата білді.

Режиссер Рашид Нұғманов «Виктор Цой Алматыға ғашық еді», -деп есіне түсіреді. Ол осы жерде Жамбыл және Қонаев көшелерінің қиылысындағы Нұғманов және оның ағасының пәтерінде бірге тұрған.

ашық дереккөзден

«Виктор қаламен бізбен жүріп танысты. Біз оны қаланың барлық орындарына апардық. Корей ресторанына апарған соң, ол оның сүйікті жеріне айлалды. Бізге ұнаған жердің барлығына ол да ғашық болды. Бірақ тауды аса ұнатпайтын. Бір күні біз оны Петя Мамоновпен бірге Шымбұлаққа апаруды жөн көрдік.  Ашық ауа райы бірден тұманданып кетті. Жол-жөнекей тірі жанды кездестірмедік. Кішкене демалайық деп, тоқтадық. Виктордың көзінен қайта оралайық деген ойды байқап, қалаға қайта қайттық. Кейін тағы осындай мүмкіндік болмады, өкінішке орай. Әкесінің жетпегенін кейін ұлы орындады»,— деп еске алды Нұғманов.

«Игла» фильмінен басқа, Виктор «Конец каникул», «Асса», «Игла Remix» фильмдері мен «Рок», «Жизнь как кино», «Еловая субмарина: Виктор Цой. Дети минут» деректі туындыларына түскен.

ашық дереккөзден

1990 жылы 24 маусымда Мәскеуде Үлкен спорт аренасында «Кино» тобының ең соңғы концерті өтеді. Осы жылдың 15 тамызында музыкант таңертең балық аулауға барып, кері жолда «Москвич» көлігімен қарсы бағытта келе жатқан автобусқа соғылған. Апат салдарынан автобус өзенге құлап кеткен. Оның жүргізушісі зардап шекпеді. Ал 20 метр жерге ұшып кеткен жеңіл көлікте болған Виктор Цой 28 жасында көз жұмды.

ашық дереккөзден

Радио мен телеарналарда Виктор Цойдың жол апатынан қайтыс болды деген хабарламасы барша Қазақстандықтарды, оның ішінде Қызылорда тұрғындарына қайғы әкелгені рас.

Каспарянмен Цой Юрмалада саяжайда жаңа альбом үшін материал жазған болатын. Алайда бұл альбом Виктор Цой қайтыс болған соң 1991 жылы қаңтарда «Черная альбом» деген атпен жарық көрді. 

Виктор Қазақстанда гастрольдік сапармен жиі болған. Ал атасының үйінде бір-рет 1975 жылы болыпты. Ол жылы атасының 60 жылдық мерейтойына бүкіл отбасы Қызылордадағы үйде бас қосқан. Дәл осы отбасылық жиында Цойдың барлық төрт қазақстандық ұрпағы бейнеленген фотосурет түсірілген.

pkzsk.info

Қызылордалықтар Виктор Цойды жерлестеріне теңейді. Оның тамыры Сырдарияның жағасында жатыр. Бұл оның әкесінің туған жері. Кейбір туысқандары әлі күнге дейін қалада тұрып келеді. Виктордың нағашы әпкесі Алла Максимовна Қызылордада корей мейрамханасын ашып, кәсібін табысты дөңгелетіп келеді. Қазақстан жастары Виктор Цойға ескерткіш орнату идеясын қолдаушылардың бірі.  Олар Қарағанды, Алматы және Қызылорда қалаларын ұсынды. Қазір танымал мүсіншілер эскиздері мен макеттерін дайындап қойған.

2018 жылы 21 маусымда әншінің туған күніне орай Алматыда ескерткіш ашылды. Ескерткіш «Игла» фильмінің түсірілім жұмыстары жүргізілген жерге, яғни Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында тұрғызылды.

ашық дереккөзден

Виктор Цой «Звезда по имени солнце» және «Место для шага вперед» сияқты танымал әндерін Алматыда жазған деседі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago