Categories: Оқиға

15 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты

Жетісу облысының Шолақай ауылында 15 жастағы Құралайды зорлап, өлтіріп, артынан өртеп жіберген қылмыскер өмір бойына сотталды

Жантүршігерлік қылмыс жасаған 39 жастағы Рустам Ахметовке Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов осындай жаза кесті.

Үкім кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады.

Тергеу дерегінше, сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, айуандықпен өлтірген. Содан соң қыздың жүрек тұсынан үш рет пышақ салғаны анықталған. Кейін бір метр тереңдікте жер қазып, қыз баланың ұялы телефонын сындырып, мәйітті өртеп, көміп тастаған екен.

Естеріңізге сала кетейік, жұртты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан тура алты ай бұрын болған. Із-түссіз жоғалып кеткен Құралай Қисабекті бүкіл Шолақай ауылының тұрғындары іздеген. Алайда, тек 8 күннен кейін қыз баланың мәйіті табылған.

Мүрде сол ауылдан үш жарым шақырым жерде орналасқан қылмыскердің қыстағының маңынан табылған болатын.

Айта кетсек, өмір бойына сотталған Рустам Ахметовтың бұл алғашқы жасаған қылмысы емес. Ол бұған дейін 14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсіп, оған үйленіп, жазадан құтылған. Екінші қылмысында тағы да кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, 5 жылға сотталған болатын. Енді өмір бойына бас бостандығынан айырылған ол жәбірленуші тараптың сұрауы бойынша 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago