Қоғам

15 жылдан асқан көлікпен такси қызметін атқаруға тыйым салынады

Елімізде такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін.

Сондай-ақ такси жүргізушілері көлігіне арнайы белгі қоюы керек, жүргізуші картасы болуы шарт.

Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда жүргізушілер жаңа талапқа қарсы. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе, машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 мың шақырымнан аспауға тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған. 

Заң жобасында такси қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының, таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін өзгертуге, сондай-ақ такси тасымалдаушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді,

деп мәлімдеді Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.

Оған қоса такси көлігінің төбесіне арнайы белгі қоюға міндетті болады. Жүргізушінің фотосы мен жеке мәліметтері жазылған картасы салонда ілініп тұруы қажет. Ал такси қызметі арқылы нәпақа тауып, отбасын асырап жүрген азаматтар да, жолаушы ретінде көлікке отыратын тұрғындар да жаңашылдыққа қарсы. 

Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Мәселен Еуропада такси жүргізушілері арнайы киім үлгісін киеді. Әр жүріп өткен шақырымыңыз бен уақытыңыз есептеліп, жолаушы соған сай ақы төлейді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago