18 баланы асырап алған «Батыр ана»

Кентаудда өзі тұрмыс құрмаған әйел 18 баланы бауырына басқан.

Түймегүл Ергешқызы жас кезінде бауырларын жетілдіремін деп жүріп, өзі тұрмыс құрмай қалған. Осыдан 24 жыл бұрын тұңғышын қолына алған ананың қазір, ең кенжесі 4 жаста, деп хабарлайды Түркістан арнасы.

Түймегүл Ергешқызы алғашқы қызын 33 жасында асырап алыпты. Кейін 18 баланы асырап аламын деген ой Түймегүлдің ойында әсте болмаған. Десе де, бәрі Алланың қалауымен орындалды. Қазір перзенттерінің алды аяқтанып, үйлі болған. Екі қызын тұрмысқа беріп, екі ұлын үйлендіріп, олардан немере сүйіп отыр.

Кентау қаласына 1988 жылы жұмыс бабымен келдім. 1998 жылы өзіме арман, мақсат қойып, тұңғыш қызымды бауырыма бастым. Қазір 18 баланы қолыма алып, көпбалалы ана атандым,

дейді Түймегүл Ергешқызы.

Өзі көпбалалы отбасында өскен ана бала тәрбиелеудің оңай еместігін жасырмайды. Бастапқы кезде анасы көмектессе, қазір үлкендері кішілеріне қамқор болып жүр. Бірі сабағын оқытса, енді бірі үй шаруасына қолғанат атанған. Мемлекет тарапынан жеңілдік қарастырылмаған. Тек патронатты ана екенін дәлелдейтін құжат қана берілген. Еңбекке ерте араласқан Түймегүл Ергешқызы қазір кәсібін дөңгелетіп отыр. Алдағы уақытта наубайхана ашып, тағы да бала асырап алғысы келетінін жеткізді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

17 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago