18 кг-ға азып кеткен: Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына 24 күн

Түрмедегі азаматтық белсенді Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына 24 күн болды.

26 қазанда онымен кездескен адвокат Ғалым Нұрпейісовтың сөзінше, Нарымбай 18 килограмға азып кеткеніне қарамастан аштығын тоқтатпауға бекінген, деп жазды Abai.kz.

Өте әлсіз болып қалыпты, 18 килограмға арықтап кетіпті. Менімен кездесуге балдақпен шықты. Бірақ алған бетінен қайтпайтынын, аштығын тоқтатпайтынын жеткізді. Ол аштығының басты мақсаты – оппозицияның бірігуі екенін айтты. Саяси тұтқындарға қатысты мәселе шешілмесе, аштығын одан әрі жалғастырмақшы. Бұл ісімен қоғамды оятқысы келеді,

деді адвокат.

Нұрпейісовтың сөзінше, ол Нарымбайға құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның өтініші бойынша барған. Төреғожина Нарымбайдан аштықты тоқтатуын өтінген. «Өтінішін жеткіздім, бірақ Ермек оны орындай алмайтынын айтты» дейді адвокат.

52 жастағы Ермек Нарымбай қазір Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/14 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп атаған Нарымбай саяси белсенділігі үшін бірнеше рет қылмыстық жазаға кесілген. 2015 жылы қазанда «алауыздық тудырды» деген айыппен үш жылға сотталған. Кейін апелляция соты оның жазасын жеңілдетіп, үш жылға шартты жазаға кесті.

Осыдан кейін Нарымбай өзіне билік тарапынан қатер төніп тұрғанын айтып, Украинаға кетіп қалды. Ол биыл ақпан айының басында Қазақстанға оралған. Бірақ Алматы әуежайынан бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, соңынан қамалды. Адвокаттың айтуынша, оның әлі өтелмеген екі жарым жыл жазасы бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago