Categories: Экономика

19 млн халықты сауатты ету мүмкін емес

Белгілі қаржыгер Сайлау Қалымжанұлы бір кездері «Астана ақшамына» сұхбат берген екен, деп жазды Қаржылық Сауат арнасы.

Сұхбат былай өрбиді:

Акция туралы білімді қайдан алу керек?

Алуан түрлі тренинг, семинарлардан басқа, тым болмаса, өздігінен іздену керек. Мәселен, ақпарат сайтынан «Қазатомпромды» оқығаннан кейін оның акцияларын қайдан аламын деп, сол компанияның сайтындағы телефонға хабарласыңыз. Олар сізге «қор биржасына тікелей шыға алмайсыз, арнайы лицензиясы бар инвестициялық брокерлік компанияларға телефон шалыңыз» дейді. Солайша сіз кәсіби кеңесшілерден мағлұмат алып, өз таңдауыңызды жасайсыз. Оп-оңай.

Мен Қазақстанда жұмыс істейтін адамдардың 90 пайызы дерлік қаржылық білімі саяз деп айтар едім. Алдымен ақша жинап үйрену керек. Кредит алмай, несиенің қандай да бір түріне соқтықпай, өз ақшаңды жинай алуың керек. Сосын өз компанияларымыздан, отандық өндірісшілерден бастаған абзал.

Неге? «Инвестиция жасау үшін оны қолданып көр» деген әйгілі инвестор Уоррен Баффет.

Жас мемлекетіміздің тұрғысынан да бұл өте қуатты күш болар еді. Мен жоғарыда айтып кеткен 90 пайыз халқым тым болмаса 6 айға инвестицияласыншы, біздің мекемелердің акциясы күрт өсер еді. Ақша айналып өз атажұртыңда, өз экономикаңда қалады.

Жас мемлекетіміздің ширек ғасырдан мол асқан тәжірибесінде ақырындап тоң жібіп, халықтың басым бөлігі қаржылық сауаттылыққа бет бұратын кез жақындады. Бұл арада мектеп мұғалімдері, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары шәкірттеріне жеке кәсіп, стартап, бизнес туралы ұдайы дәріс бергені абзал. Өйткені қандай да бір мамандыққа үйрену үшін сапалы білім қажет.

Біз халқымызды 19 млн деп асыра шамаласақ, оның бәрін қаржылық сауатты ету мүмкін емес.

Бір қызық нәрсе, адамдардың бәрі жол ережесін біледі ғой, иә, олар ешқашан қызыл шамға жүрмейді, тоқтайды. Ал қаржылық салада мұндай қауіпсіздік мәдениеті қалыптаспаған, бірсыпыра адамдар шетелдік күмәнді нәрселерге оп-оңай ақша сала салады. Дегенмен тағы қайталаймын, сең қозғалды, енді кәсіби жеке қаржылық сауаттылық қарыштап дамиды деген ойым бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago