Categories: Саясат

19 жылға созылған қазақ-өзбек шекарасы шегенделді

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы шегенделді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді.

Оның айтуынша, қос мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілген.

Ұзындығы 2 357 шақырым болатын шекара сызығы 1 301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8 мың парақтан асатын шегендеу құжаттары көрсетілды. Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді,

деді Айбек Смадияров.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago