Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры көлігінен өлі табылды

Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының Алматы облысы бойынша экс-директоры көлігінде өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, оқиға 13 желтоқсанда таңертең Көктем шағынауданында болған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан көліктердің бірінен мәйіт табылғандықтан, полицияның Koktem Grand қонақүйінің жанындағы көлік тұрағын қалай қоршауға алғаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған.

Ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды,

деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

«ҚазАгроҚаржы» марқұмның Алматы филиалының экс-директоры Ержан Устаев екенін растады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы Ержан Устаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ержан Устаев біздің компанияда 21 жылдан астам еңбек етіп, Жетісу өңірінің (Алматы облысы) ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты. Біз Ержанды жанашыр, шыншыл адам ретінде білдік,

делінген хабарламада.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago