Categories: Білім

2-сыныптың оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі пәні алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шет тілі» пәні алып тасталатыны айтылған. Сондай-ақ «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілетіні айтылған.

Сонымен қатар төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентіндегі 1 сағат «Шет тілі» пәніне беріліп отыр. Осылайша, 10-11-сыныптарда «Шетел тілі» бір сағатқа артады.

Бұдан бөлек құжатта оқушыға түсетін оқу жүктемесін азайту, STEM білім беру тәсілдері, тәрбиелік компонент негізінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту туралы айтылған.

11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді,

делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Бұйрыққа түзетулер енгізу жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago