«20.00-де»: бүгін Қазақстан президенттігіне үміткерлер теледебатқа шығады

11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.

Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд — «Сайлаушылардың сұрақтары». 10 қарашаға дейін «Хабар» агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрон поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago