Саясат

20 әкімнің орнына ел қауіпсіздігіне қызмет ететін 20 хакер ұстаған тиімді

Интернет-алаяқтыққа алаңдаушылық білдірген желі белсендісі күннен-күнге күш алып бара жатқан алаяқтардың әрекеті мемлекеттік деңгейдегі апатқа айналып барады дейді.

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай осындай пікірде.

Олардың құрығына бүгінде мыңдаған, он мыңдаған қазақстандық ілініп, миллирдтаған ақшасынан айрылды. Қара халықты алдап, арбап, ақшаларын сорып отырған алаяқтардың қаржысының басым бөлігі шетел асып кетіп жатқанын ескерсек, бұл – мемлекетке, Қазақстанның мемлекеттілігіне, оның экономикасына төнген орасан қауіп. Ал мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдары әлі де қамсыз отыр. Бар айтатындары «Сақ болыңдар, абай болыңдар». Сонымен сақтық шараларын өткіздік деп жоғарыға есеп береді.

Әрине, жеңіл табыс табам деп жиған-тергенін өз қолдарымен алаяқтардың қалтасына салып беріп жатқан адамдардың өзі кінәлі деуге де болар еді. Бірақ, бүгінде оларды қаржылық сауаттылыққа, кімнің адал, кімнің алаяқ екенін танып білуге үйретіп жатқан кім бар?

Елдің басым көпшілігі қаржылық тұрғыдан және интернетті қауіпсіз пайдалану жағынан сауатсыз. Интернеттің шексіз, шетсіз ағынына олар дайын емес. Бұл, әсте, интернетті жабу керек дегенді білдірмейді. Интернеттің адамзатқа берер игілігі туғызар қаупінен әлдеқайда басым. Бір ғана мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы мен онлайн-сабақтар, интернет-төлемдер мен -магазиндердің өзі не тұрады! Одан бас тарту – алға даму жолындағы кері қарай жасалған қадам болар еді.

Олай болса, алаяқтармен тиімді күресу үшін:

Біріншіден, барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі белсенділерін елдің интернет-сауатын жетілдіруге жұмылдырған жөн бе деймін. Оған ең алдымен мемлекет, үкімет мұрындық болуға тиіс. Себебі, бәске ең алдымен мемлекеттің өзінің қауіпсіздігі тігіліп отыр.

Қаржы қажет болса, жыл сайын әкімдердің имиджін көтеруге жұмсалатын миллиардтарды алуға болады. Әкімдер өз имиджін салдақы блогерлердің көмегімен емес, өз жұмысы арқылы көтерсін.

Екіншіден, интернет-қылмыспен тиімді күресетін орган ашатын кез келген сияқты. Оны Ішкі істер министрлігі жанынан аша ма, жоқ әлде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарамағынан құра ма, үкімет өзі шешсін. Бастысы, бұл департаментке погон таққан ұрда-жық әумесерлерді емес, компьютерлік программаларды шемішкедей шағатын, интернет желінің майын ішкен жас мамандарды, керек десеңіз отандық хакерлерді жинау керек. Интернет-алаяқтарды іздеп табу, жолдарын кесу, сайттарын блоктау – соларға тапсырылсын.

Сонымен бірге, БАҚ пен әлеуметтік желілерде интернет-ағартушылық жұмыстарын жүргізуге болады. Әлбетте, отандық интернет-із кесушілердің айлықтары да жоғары болуы керек.

Қаржы десеңіз, оны да сол 17 облыс пен 3 республикалық статусы бар қала әкімдерінің имиджі есебінен алуға болады. Ол да аз десеңіз, бізде тағы 86 ірілі-ұсақты қала әкімі бар. Бәрібір олардың плинтуспен қатар жатқан имиджін енді ештеңе де құтқармайды.


20 әкімнің орнына ел қауіпсіздігіне қызмет ететін 20 хакер ұстаған тиімді. Қалай болғанда да, ол жас мамандарға кеткен шығын жүз еселеп қайтады. Себебі, ол жекелеген азаматтарды ғана қорғауға емес, тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған болар еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago