Categories: Оқиға

20 жыл бойы әйелдерді зорлап келген полиция қызметкері ұсталды

Лондон полициясының қызметкері Дэвид Кэррик әйелдердің көпшілігімен түрлі танысу сайты арқылы кездесіп, барлығы 49 қылмыс жасаған, ол 9 рет әріптестерінің назарына іліккенімен, ешқашан оған қатысты тергеу шаралары қолданылмай келген. Ол тек 2021 жылы қамауға алынып, қызметінен босатылды.

Кэррик жиырма жылға жуық уақыт ішінде 12 әйелге қатысты ондаған зорлау фактісін және басқа да жыныстық қылмыстарды мойындады.

Хартфордширде тұратын Кэррик 2003-2020 жылдар аралығында қылмыстарының көп бөлігін сол жерде жасаған. Ол танымал онлайн танысу сайттарында әйелдермен танысып, полиция қызметкерінің жағдайын пайдаланып, олардың сеніміне ие болады, содан кейін оларды толық бақылауға алып, не кию, не жеу және қайда ұйықтау керек екенін айтып отырған. Ол тіпті кейбіреуіне балаларымен араласуға қатаң тыйым салған.

Тек 2021 жылдың қазан айында, басқа лондондық полиция қызметкері Уэйн Казенспен болған жанжалда Кэрриктің құрбандарының бірі ол туралы полицияға шағымдануға шешім қабылдаған кезде ғана қамауға алынады.

Ол әйелдерді аяусыз қорлап, оларды мазақ қылды, зорлады, уақыт өте келе қылмыстары ауыр түрге ауыса берген, өйткені ол бұл істен құтылып кетемін деген сенімде болған.

Парламент мүшелері мен дипкорпус қызметкерлерін күзетуге арналған арнайы бөлімде қызмет еткен Кэррик кейбір әйелді бірнеше ай, тіпті жылдар бойы, кейде физикалық күш қолдану және жарақат алу арқылы бірнеше рет зорлағанын мойындады. Ол сондай-ақ өзінің кейбір құрбанын, атап айтқанда әйелдердің бірін күшпен ұстап, бірнеше рет баспалдақ астындағы қоймаға қамағанын айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago