Қоғам

20 жылдан бері болмаған жылы қыс келе жатыр

Синоптиктердің болжамынша, биыл күз мезгілі кейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жылы болды.

Мамандардың айтуынша, алдағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс мезгіліне ұқсауы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мамандардың айтуынша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массалары әсер етеді. Сондықтан қазақстандықтар үшін 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал. Дегенмен сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.

2023-2024 жылдардың қысы 2001-2002 жылдардағы қыс сценарийіне ұқсас болмақ, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтіледі.

Көпжылдық мәліметтер бойынша қыс жылы болған жылдары орташа температура нормадан 4-10 градусқа жоғары болған,

деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Синоптиктер Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауатынын болжады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты аяз болуы мүмкін. Термометр -17 градусқа дейін төмендейді. Бұл айларда оңтүстік өңірлерде ауа райы нөлден жоғары болады. Метеорологтар биыл көктем де жылы болатынын айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago