Атақ және ақша

«200 млн теңге»: Бағлан Әбдірайымов фильм түсіріп, актерлерге қарыз боп қалған

Әнші Бағлан Әбдірайымов фильм түсіремін деп қарызға кіріп кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Nege.kz сайтына берген сұхбатында Qaryz атты фильм жарыққа шығатынын айтты. 

Шыны керек, қызық қылғанда бұл жолы қарызға кіріп кеттік. Түсіру тобы мен түскен актерлерге қарыз болып қалдым. Себебі, түсірілім сағаты созылып, таспалау жұмысы 38 күнге созылды. Одан бөлек үш күндік қосымша түсірілім процесі бар. Ең алғашқы күні таспаланған кадрлер өшіп қалып, қайтадан түсіру қажет болды. Мұның барлығы қосымша шығынды талап ететін жұмыстар,

деді әнші.

Сонымен қатар Бағлан Әбдірайымов түсірілім жұмыстарына өзі ойлаған қаражаттан артық жұмсағанын айтты.

Сөйтіп, 140 млн теңгеге түсіреміз деп межелеген туындының жарнамамен қосқандағы толық бюджеті 200 млн теңгеге жетті. Дегенмен көңілім тоқ. Себебі, мұндай фильмді қазіргі таңда ешкім түсірмеді деп топшылаймын. Өйткені, біз кино заңдылықтарын бұзбадық. Режиссердің талабы бойынша жеңіл-желпіге жол бермедік,

деді Бағлан Әбдірайымов.

Айта кетейік, әнші біраз уақыт бұрын басынан өткен оқиғаға негізделіп түсірілген Zero фильмін көпшілікке ұсынған еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago