2022 жылғы атышулы қылмыстар

2022 жылды атышулы қылмыстармен де есте қалады деп айтуға болады. Елімізде болған көптеген қылмыстар қоғамдық резонанс тудырды. Елді елең еткізген атышулы оқиғалардың тізімін Экспресс К жасады, деп хабарлайды Globalnews.kz

Қанкөй әке

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, артынан өзі асылып қалды. Марқұм мұндай қатыгездікке әйелі ажырасымын дегеннен кейін барған. Қатыгез әкенің кесірінен сегіз, төрт және биыл ғана дүние есігін ашқан сәби көз жұмды. Олардың барлығын әкесі шпагат жіпке асып, артынан өзі суицид жасаған.

Ұлының басын шапқан әке

Түркістан облысында қатыгез әке 5 жасар ұлының басын шауып өлтірді. Жантүршігерлік оқиға 4 наурызда Сайрам ауданында болған еді. Отын теріп келеміз деген желеумен ұлын тоғайға апарған ер адам баласын балтамен ұрып құлатады. Кейін жарақат алған бүлдіршінді көтеріп алып, басын ағаш шабатын томарға қойған. Содан қолындағы балтамен ұлының мойнына бірнеше рет соққы жасап, басын шауып тастайды. Айуандықпен өлтірілген бала 2016 жылы дүниеге келген.

ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Советское ауылында ер адам әйелін балталап өлтірді. Ол мұндай қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. 56 жастағы марқұмның мәйітін үш күннен кейін қызы тауып, полицияға хабар береді.

Баласын қатыгездікпен өлтірген жантүршігерлік жағдай Алматыда да болды. Төртінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі пышақтап өлтірді. Сұмдық жағдай қарашаның 18-де Орбита-2 шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде болды.

Баласын тірідей өлтірген ана

Осы жылдың мамырында Сарқанда безбүйрек ана бес жастағы қызын буындырып өлтіріп, мәйітін қоқысқа лақтырып кетті. Әйел сал ауруына шалдыққан баласынан осылай құтылғысы келген.

Әкесін дүние үшін өлтірген бала

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында туған әкесін өлтіруге тапсырыс берген безбүйрек баланың әрекеті жұртты шошытты. Қанды оқиға биыл 21 қаңтарда түнгі сағат 03.30 шамасында болған еді. Несиеге белшесінен батқан 20 жастағы студент әкесінің малына иелік етіп, қарызын жабу үшін киллер жалдайды. Адам өлтіргіштер оңтайлы сәтті күтіп, баланың әкесіне бірнеше пышақ жарақатын салады. Құдай сақтағанда, қаскөйлердің шабуылынан ер адам аман қалды. Ал оның ұлы мен сыбайластары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Shutterstock

Итке таланған бала

Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит түгін қалдырмай талап өлтірді. Қайғылы жағдай 10-шы маусымда Есет ауданында болған еді. Мадияр есімді балақайды бірнеше ит тістелеп тастаған. Сау-тамтығы қалмаған бала алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.

Екі аяқты иттер

Шымкентте 9-сынып оқушысын 5 жігіт кезекпен зорлаған. Оқиға тамыз айында жалдамалы пәтерлердің бірінде болды. Жасөспірім қызды жігіттердің бірі пәтерге күштеп кіргізіп, білгендерін істейді. Олар 15 жастағы қызды бірінен кейін бірі аяусыз зорлаған.

2022 жыл адамдардың жан-жануарларға жасаған қатыгездігімен де есте қалды. Мысалы Ақтауда ер адам мысықтың басына секіріп өлтіріп, істі болды. Оның бұл әрекеті қоғамда қызу талқыланған болатын. Ол сот шешімі бойынша алты айға қамалды. Павлодарда да ұқсас оқиға болды.  Жігіт қоймадан мысықты алып шығып, аяусыз ұрып-соққан. Мысық келесі күні өліп қалды. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Тал түстегі қасақана өлім

Оралда тапайдың тал түсінде кәсіпкерді аяусыз пышақтап кетті. Алған жарақаттан 1974 жылы туған ер адам көз жұмды. Бүкіл қаланы дүр сілкіндірген оқиға биыл тамызда болған еді. Марқұм Еркін Мұқанғалиевті қол астындағы жұмысшысы өлтірді. Қаскөй кәсіпкердің тамағына пышақ ұрып, артынан денесіне бірнеше жарақат салады. Қос қаскөйге ҚК 99-бабына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша кісі өлтіру) айып тағылды.

ПД баспасөз қызметі
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago