Categories: Қоғам

2022 жылы қанша қазақстандық әскерге шақырылды?

2022 жылы 35 мыңға жуық қазақстандық әскерге шақырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Арнайы кезек бар, яғни бірінші шекарашылар шақырылады, сосын Қарулы күштерге, одан кейін Мемлекеттік күзет қызметі, ТЖМ және Ұлттық ұлан. Наурыздан маусымға дейін шақыру кампаниясы жүреді. Күзгі шақыру кампаниясы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында болады. Шекарашыларға 6 мыңға жуық адам, Ұлттық ұланға — 13 мың адам, Қарулы күштерге — 14 мыңнан астам адам, Мемлекеттік күзет қызметіне – 100-ден аса адам және ТЖМ-ге 300-ден аса адам шақырылды. Олар Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтырды,

деді бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсімов.

Оның сөзінше, 2021 жылмен салыстырғанда әскерге шақырылушылар саны артқан.

Былтырмен салыстырғанда мерзімді сарбаздар саны екі мыңнан асты. Оның ішінде, шекара әскерлері, Қарулы күштер және Мемлекеттік күзет қызметі бар. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жоспарлы іс-шара,

деді Азамат Дүсімов.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago