Фото: Polisia.kz
Елімізде биыл бір де бір қылмыс тіркелмеген ауыл белгілі болды. Бұл — Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Бұлақ ауылдық округіне қарасты Қарағай ауылы.
Polisia.kz хабарлауынша, Қарағайлы ауылында қылмыс тіркелмеуі тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы мен учаскелік инспектор жұмысының арқасы.
Солтүстік Қазақстан облысы аудандарында құқықтық тәртіпті 200-ден астам учаскелік полиция инспекторы қадағалайды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуға жауап береді, қылмысты ашуға қатысады.
Әдетте, инспектор учаскедегі жұмысты қалай жүргізетіні азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей байланысты.
Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінде 652 адам тұрады. Округ құрамында үш ауыл бар: Бұлақ, Ақтас және Қарағай. 2018 жылғы маусымнан бері бұл аумаққа тәжірибелі учаскелік инспектор Қанат Жанғарин қызмет етеді. Жергілікті атқарушы органдардың және ауыл тұрғындарының қолдауы арқасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тиісті деңгейде жолға қойылған: жыл басынан бері округте бірде-бір қылмыс тіркелмеген,
делінген хабарламада.
Бұлақ ауылдық округі әкімі Болат Бейсенбаевтың айтуынша, Қарағай ауылында кейінгі жылдары масаң күйде жүрген ешкім байқалмаған. Қылмыс жоқ. Спирттік ішімдікті заңсыз сату тіркелмеген. Ауылда алкоголь сатылмайды, бірақ сатуға тыйым салынбаған. Оның орнына ауыл тұрғындары бос уақытында спортпен белсенді шұғылданады: турникте түрлі жаттығулар жасап, футбол, волейбол ойнайды және ұлттық спорт түрлерін белсенді дамытып жатыр.
Қоғамдық тәртіптің деңгейі мен елді мекендердегі қолайлы атмосфера адамдардың салауатты өмір салтын ұстануына байланысты. Қоғамдық тәртіп күн сайын учаскелік инспектор тарапынан профилактикалық жұмыстар арқылы да күшейтіледі.
Халықтың, жергілікті атқарушы органдары мен полицияның тығыз қарым-қатынасы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі тетігі болып отыр. Сервистік полиция жұмысында учаскелік инспектордың алатын орны аса маңызды. Жұмыстағы негізгі басымдық – ашықтық пен айқындылық және барлық азаматтың өтініштеріне жауап беру,
дейді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…