2022 жылы журналистерді тұтқындау дерегі рекордтық көрсеткішке жетті

Халықаралық «Шекарасыз репортерлар» ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылы күллі әлемде 533 журналист ұсталып, 57 маман қаза тапқан. Мексика осымен төртінші жыл қатарынан БАҚ қызметкерлері үшін ең қауіпті ел ретінде танылды. Мексика жерінде 11 журналист өмірімен қоштасты. Бұл туралы Forbes.ru хабарлайды.

Әлем бойынша 2022 жылдың 11 айында 533 журналист ұсталған. Көрсеткіш өткен жылдан 13,4%-ға жоғарлап, рекордтық межеге жетті. Мұндай деректерді халықаралық «Шекарасыз репортерлар» ұйымы (RSF) жыл сайынғы есеп беру отырысында ұсынды.

Журналистердің басына ең көп бұғалық салған ел —  Қытай. Қазір Қытайда 110 маман қамауда отыр.

Цензурасы мен бақылауы экстремалды деңгейге жеткен Қытай әлі күнге дейін журналистер үшін әлемдегі ең ірі түрме болып қала береді,

деді RSF мамандары.

Ұсталған, қамалған, қудаланған журналистер саны бойынша екінші орында — Мьянма мемлекеті, онда 62 БАҚ қызметкері қамауда отыр. Одан кейін Иран (47), Вьетнам (39) және Беларусь (31) елдері журналистерге қысым көрсетуде көпті озды. Ресей сақшылары, ұйымның мәліметі бойынша, 18 журналисті қамаған.

Биылғы ұсталған кәсіби БАҚ қызметкерлерінің кәсіби қызметіне 15%-ы әйелдер (78 журналист). Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. RSF өкілдері бұл көрсеткіштің де рекордқа айналғанын айтып отыр. Мамардардың айтуынша, бес жыл бұрын әлем бойынша ұсталған әйел  журналистердің үлесі 7% — дан аз еді.

«Шекарасыз репортерлердің» сөзіне сексек, қазір әлем бойынша кемі 65 журналист пен өзге де БАҚ қызметкерлері кепілге алынған. Екеуі хабар-ошарсыз кеткен. Биылдыққа қасақана өлтірілген ақпаратшылардың да саны өскен — 57 адам. Сандық статистика 2021 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық.

Сонымен қатар, RSF өз есебінде журналистердің тағдырына қатысты елді дүр сілкіндірген қадамдарды, бұл жылдағы оқиғаларды да атады. Оның арасында «Ведомости» және «Коммерсант» журналисті, «Роскосмос» басшысы Иван Сафроновтың тағдыры бар. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қатаң режимдегі колонияға тоғытылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұл үкім де жыл тарихында журналистер үшін ең ауыр оқиға болып қалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago