2023-2030 жылдар аралығында Қазақстанда сұранысқа ие болатын мамандар

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған 2023-2030 жылдарға арналған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде сарапшылар таяу жылдары неғұрлым талап етілетін қызметтердің ТОП-25 тобын анықтады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ЕРДО талдаушылары Ұлттық қызметтер жіктеуішінің ең толық деңгейінде ТОП кәсіптерді анықтады. Ол келесідей:

  1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;
  2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;
  3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;
  4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;
  5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;
  6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;
  7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;
  8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;
  9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;
  10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;
  11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;
  12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;
  13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;
  14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;
  15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;
  16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;
  17. Аспаздар – 20,5 мың адам;
  18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;
  19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;
  20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;
  21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;
  22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;
  23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;
  24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;
  25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.

Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер – 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады,

деді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.

Ең аз қажеттілік «Әкімшілік саласындағы басқа қызметкерлер», «Жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы фермерлері», «Қолөнершілер, дәл құралдар, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар», «Өнімді жинаушылар мен сынаушылар» және «Аңшылар мен орман және балық өнімдері өндірісінің жұмысшылары» топтарында күтіледі. Болжам бойынша, жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago