Categories: Экономика

Шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады

Әлеуметтік кодекс аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге пайдалану құқығы беріледі.

1 шілдеден бастап зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз жинақтарының толық сомасын пайдалана алады. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Әлеуметтік кодекс аясында БЖЗҚ жинақтарының барлық сомасын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу үшін пайдалануға болады.

Зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы жинақталған қаражатты екі мақсатта пайдалану үшін «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады,

делінген хабарламада.

Кімдер пайдалана алады?

  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар – «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін;
  • зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40 пайызын құрайтын зейнеткерлер  – жинақтарының 50 пайызына дейін;
  • өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago