Categories: Саясат

2023 жылы Путин өлсе. Сосын не болады?

2023 жылы Путин бақилық болады. Өзі емес, қасындағылар «көмектесіп» жібереді. Путин 2024 жылды көрмейді. Тіпті ұзаққа созбай-ақ, алдағы наурызда «Путин өлді» деп әлем шулай жөнелсе – мен таң қалмаймын, дейді ресейлік тарихшы Дмитрий Чернышевский.

Ендеше, Путин өлгесін не болады?

Путиннің көзі құрыған соң, Ресейде билікке сұмдық талас басталады. Путин өлген күннің ертесінде Ресей армиясы Пригожинді өлтіреді. Армия мен ЧВК Вагнер арасында қанды қақтығыс болады.

Рамзан Кадыров өз республикасында ереуіл сияқты бірдеңе ұйымдастырмақ болады, бірақ оны шешендердің өздері-ақ өлтіріп тастайды.

Президент тағына отыратын премьер-министр өз билігін нығайту үшін орыс әскерін Украинадан шығарып, Путиннің басып алған жерлерінің бәрін Украинаға қайтарады. Ресейдің бюрократиясы мен қалың бұқара халқы соғыстың тоқтағанын қалайды. Ресей халқының бәрі фашист емес. Шындығында, фашистік Z-каналдарды халықтың аз-ақ бөлігі қолдайды, онда отыратындардың көбі ұсақ шенеуніктер мен пропагандистер. Соғыс біте салысымен Ресейдегі фашистік сандырақтың бәрі жоқ болады.

Ресей тез өзгереді. Жаңа президент жемқорлықтың түп-тамырын жұлуға кіріседі. Ресейден бөлінгісі келетін республикаларды босатып қоя береді. Оның көзірі сол болады. Өйтпесе оны президент тағынан ығыстырып тастайды. Ол 91 жылғы Ельциннің күйін кешеді, оның басты жауы – чекистер болады.

2023 жылы Путин өлген соң, Ресей лоялистік, заңды жолға түседі. Путиннің барлық қылмыскерлері шетінен сотталады. Ресей жаһандық таласы бар шала империя емес, кәдімгі дені дұрыс мемлекетке айналады. Империяның елесін қуу идеясы осымен өлді. 2023 жылға жасайтын болжамым осы,

дейді тарихшы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago