Қоғам

2024 жыл: Ұлу жылы астық, шөп мол болады

Кей жылдары ұлу да жайсыз келіп отырған. Оған Бейімбет Майлиннің «Ұлу» деген өлеңі (1917) дәлел болады.

Ұлу келіп көтерді елдің обалын,

Мал жұтатып, сынын алды қораның.

Нақ ұлудай ұлытқан жоқ қазақты,

Атышулы былтырғы өткен «қояның».

Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты, оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған қарағанда бұл халық үшін жайлы, жұмсақ жылдар қатарынан орын алса керек, деп жазды Halyq Uni.

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, Қазақстандағы байлардың мүлкін тәркілеп, өздерін Сібірге жер аударған 1928 жылғы голощекиндік кәмпеске де Ұлу жылында болған.

Дегенмен, Ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі – тез ренжігіш, қырсықтау келеді.

Қазақтың жыл санауы бойынша 2024 – Ұлу жылы кіреді. Ал әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар.

Жыл қайыру

Қазақта жыл қайыру, яғни санау 12 жылдан тұрады. Ол жылдарды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары 12 түрлі аң мен жануардың атымен аталған.

Бірінші – тышқан жылы, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші – қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы. Әрбір жануардың жылы наурызда кіреді.

Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда, он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады. Бірінші мүшел – 13 жас, содан кейін 12 жылдан қосыла береді.

Әрбір жылдың өзіндік мінезі бар

Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ХV ғасырда жазған «Шипагерлік баян» кітабында жыл атауларына өз сипттамасын берген.

Сумақы – тышқан. Маңғаз – сиыр. Айбар – барыс. Секем – қоян. Сумаң – жылан. Тұлпар – жылқы. Иіртек – ұлу. Шопан – қой. Мешін – мешін. Айтақ – ит. Шақырауық – тауық. Қорысқы – доңыз, — деп жазды ол.

Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі көшпенділер хайуандық күнтізбені қытайлардан қабылдап алған көрінеді. Алайда бұл күнтізбе толығымен көшірілмеген, оның өзіндік ерекшеліктері бар.

Мәселен, Қытайда Маймыл жылы, көшпенділерде Мешін жылы деп аталады. Ал Айдаһар жылының Ұлуға айналуы туралы екі болжам бар. Қай уақытта да ауа райына тәуелді көшпенділер көбіне жазы қуаңшылықпен, қысы жұтпен есте қалған Қоян жылынан кейінгі жылға жауын-шашын мол болсын деген ырыммен сулы жерде өмір сүретін ұлудың атын берсе керек. Екінші болжам бойынша айдаһар қытай тілінде «лұн» деп аталады екен. Ұлу сөзі осы «лұн» сөзінен шығуы мүмкін.

Ұлулар туралы қызықты деректер

Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.

Қызықты деректер:

  • қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;
  • бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;
  • ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;
  • өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;
  • ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;
  • тістерінің саны кез келген акуладан көп;
  • өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;
  • ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 келі, ал ұзындығы – 30 см-ге дейін жетеді.

Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин ұлулар кез келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген.

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.

Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.

Ал әлемнің жаратылысы мен тылсымына көз тіккен философтар арасынан «фашизмнің рухани атасы» Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің «көкесі» Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.

Саясатқа қатысы барлардың арасында өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), көрші Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады.

Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Нұрсұлтан Назарбаев (1940) та бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago