Маңызды

2025 жылдан бастап таксистер қатаң бақылауға алынады

Биыл сәуірде ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар түзету енгізілді

Атап айтқанда, таксимен жолаушыларды тасымалдауды жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне хабарлама берген жеке тұлғалар жүзеге асыра алады. Соынмен бірге жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушысына, яғни жеке тұлғаны оның таксиге қойылатын талаптарды сақтауы бойынша бақылау таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасының операторына (таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметіне) жүктеледі. Аталған түзетулер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.

Бұл түзетулер ең алдымен таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын жеке тұлғалардың заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар жоғарыда көрсетілген нормаларды 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Елімізде Яндекс, Индрайвер, Maxim, Апару, Таппи Такси және таксиге тапсырыс беру бойынша басқа да мобильді қосымшалар жұмыс істейді. Таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының қызметі бәсекелестік ортада әрі Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңының және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің нормаларымен регламенттеледі.

Таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының операторлары таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі ретінде анықталған. Сондықтан олар жергілікті атқарушы органдарға хабарлама берген тек ресми такси тасымалдаушыларына қызмет көрсетуі керек.

Өз кезегінде, биыл қазан айында көлік және жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісін жою жөніндегі бірлескен Жол картасы қабылданды. Оның шеңберінде заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру үшін заңсыз тасымалдаушылардың тұрақтарына рейдтік іс-шаралар жүргізу, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының қызметін бақылауды ретке келтіру, фото және видео фиксация жасайтын камералар арқылы жолаушыларды заңсыз тасымалдауды тұрақты негізде жүзеге асыратын автокөлік құралдарын анықтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесін пысықтау көзделген.

Аталған бағыттағы жұмыс жол картасы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан одан әрі жалғасатын болады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

20 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago