Categories: Спорт

2034 жылы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме? – Министр жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2034 жылы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген министр бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

Объективті болайық. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу керек. Ресми деректер бойынша, Катарда өткен соңғы әлем чемпионатына 200 миллиард доллар жұмсалған. Менің жеке пікірім, тек футболға ғана емес жастар спортын көтеруге және дамытуға баса назар аудару керек,

деді Оралов.

Оның айтуынша, министрліктің алдында басқа да міндеттер тұр.

Спорттық ғимараттарды, қажетті құрал-жабдықтарды түгендеуіміз керек. Бүгінде Қазақстанда 43 мыңнан астам спорт алаңы бар. Енді осы мәліметтерді қайта қарап, іс жүзінде бар ма, жоқ па, тексеруіміз керек. Қаншалықты заманауи, олар бірінші кезекте адам денсаулығына зиян тигізбейтіндей қарапайым стандарттарға сәйкес келе ме? Қарауымыз керек. Біз балалар мен жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты қолдауға баса назар аударамыз. Балалар дене шынықтырумен айналысу керек,

деді Оралов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

5 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

5 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

5 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

5 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

7 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago