Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астананың алдағы 12 жылға жоспары белгілі болды.
«Астана қаласының мәслихаты бекіткен Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасы бекітілсін», – делінген үкімет қаулысының жобасында.
Бас жоспар жобаның келесі кезеңдерін қарастырады:
Алғашқы жылы қаланың әкімшілік шекарасындағы халық саны – 1 миллион 184,4 мың адам. Елорда халқының болашақ саны ұлттық статистика агенттігінің әдістемесіне сәйкес халықтың табиғи және көші-қон қозғалысының өзгерістерін ескере отырып, корреляциялық және регрессиялық талдау, жас ауыстыру әдістері, статистикалық экстраполяция және еңбек балансы бойынша жүзеге асырылды. Халықтың болжамды саны еңбекке қабілетті халықты әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларындағы қызметке оңтайлы қосуды ескере отырып, статистикалық экстраполяция арқылы анықталды,
делінген жобада.
Құжатқа сәйкес, қала тұрғындарының болжамды саны:
«Халықтың жалпы болжамды өсімі жобалық кезеңдерге сәйкес болады.
Еңбекке қабілетті халық болжамды кезеңнің соңына қарай қала халқының 66 пайызына тең», – делінген құжатта.
Мектептердегі орындарды 257,4 мың орынға, ал балабақшалардағы орындарды 82,7 мың орынға ұлғайту көзделді.
Бас жоспарда ондаған емдеу мекемелерінің құрылысы да қарастырылған.
Құжат қаланың экономикалық, инновациялық-ғылыми, өндірістік және басқа да салаларын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…