24 тамыз-тура 6 ай бұрын Ресей Украинаға басып кірген күн

Бүгін Украина Тәуелсіздігін мойындатқан күн. Одан бөлек Ресейдің басып кіргеніне тура жарты жыл. Десе де Киевте бүгін тыныш. Ресей сол зымыранмен соққылап, танкпен атқыламауына кім кепіл? Ел астанасы той тойлайтын жағдайда емес екендігі белгілі.

24 тамыз Украинаның тәуелсіздік күні. Биыл бұл мейрам тіпті ерекше мәнге ие, өйткені украин батырлары ұрыс даласында сол тәуелсіздікті басқыншы әскерінен қызыл қанымен қорғап жатыр. Осыдан тура 6 ай бұрын Ресей президенті халыққа үндеу жасап, мыңдаған жауынгерін Украинаға жіберді. Содан бері екі ел арасындағы саяси алауыздық пен текетірес бір сәтке де тоқтамай келеді.

24 ақпан. Соғыс басталған сәттен бастап 5587 азамат қаза тапты. Оның ішінде 362 бала. Бұдан бөлек миллиондаған адам босқынға айналды. Әлемжеліде қазіргі Украинаның жағдайын көріп, көзге еріксіз жас келеді. Мыңдаған үйлер мен ғимараттардың күлі көкке ұшты. Экономика әлсіреді. Болжам бойынша ішкі өнім 45 пайызға құлдырайды. Ал елді аяғына қайта тұрғызу үшін 750 миллиард доллар қажет екен.

Қарулы қақтығыс Ресейге де қиын түсіп жатыр. Батыс елдері шектеулер енгізді. Әлемдік брендтер орыс нарығынан шықты. Халық тентіреп жан-жаққа шашырады. Олардың көпшілігі Қазақстаннан пана табуға мәжбүр.

Бүгінде екі елдің қарулы күштері Донецк облысы мен Украинаның оңтүстігіне шоғырланған. Қазір Запорожье облысының үштен екісі Ресей армиясының бақылауында. Әскер Краматорск маңындағы аудандарды атқылап жатыр. Украина тарапы Ресейдің Белгород облысына соққы беруде. Би-Би-Си дерегі бойынша Ресей осы уақытқа дейін 6 мыңдай сарбазынан айырылған. Ал Украинаның қарулы күштері ұрыс кезінде 9 мың жауынгерін жоғалтқанын жариялады.

Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттері бидай мен тыңайтқыштың қымбаттауына әкелді. Азық-түлік дағдарысы орнап, инфляция артты. Ресей «Солтүстік ағын» құбыры арқылы газ жеткізуді азайтқан соң Еуропада көгілдір отын бағасы шарықтады. Тіпті дағдарысқа әкелді.

Соғыс халықаралық қарым-қатынас жүйесіндегі геосаясатқа да айтарлықтай өзгеріс әкелді. Украина Еуроодақ мүшелегіне үміткер атанды. НАТО-дан алыс жүрген Финляндия мен Швецияның әскери альянсқа қосылуы келісілді.

Ленд-Лиз не болып жатыр?

Украинаға Еуропадан және АҚШ-тан қарулар келуде. Украинаның тәуелсіздік күніне орай АҚШ 3 млрд доллар әскери көмек пакетін жариялайтынын мәлімдеді.  Бұл бір сәтте берген ең ауқымды көмек болмақ. Бұдан бұрын да АҚШ Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсеткен еді. Бұл сомаға артиллериялық оқ-дәрі, мыңға жуық танкке қарсы Javelin кешені, броньды медициналық көліктер, жарылғыш заттар мен дәрі-дәрмек кіреді. Соңғысын есепке алмағанда, Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.

«Қазір Украинаның мақсаты — Ресей әскерін жаңа шабуылдар жасау мүмкіндіктерінен айыру», — деп жазды саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Украина Ленд-Лиз бойынша қару келгенше осы тактиканы жалғастырады деп ойлаймын. Тактика жұмыс істеп тұр, оны алмастырудың қажеті жоқ

Қазір Украинаның сұрауы бойынша 800 компания өз өнімдерін ұсынған. Оның ішінде атыс қаруынан бастап, зымыран кешендері, соққы жасау дрондары және басқа да аталмаған 1600-ге жуық қару мен оқ-дәрі түрі бар. Сол қарулардың көпшілігін Украина алмақ. Ол Ресей әскерінің шабуыл мен стратегиясын ескере отырып таңдалуда. Қазанда Ленд-Лиз іске қосыла бастайды. Ресей елі де өз стратегиясын ойластырып жатыр. Ресей ресми соғыс деп атамаса да, қару шығару өнеркәсіп кешендері күні-түні қару жасауда. Ол Қорғаныс министрлігінің тапсырысы. Демек, сол сәтте соғыс беталысы да өзгереді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago