Categories: Экономика

2,5 пайыздық кредит қашан беріле бастайтыны айтылды

2023 жылдың наурызынан бастап жастарға арналған 2,5%-дық кредит беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік несиенің ережелерін дайындаған.

Біз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (кредитке – автор) ережелерді толық дайындадық. Бұйрықтар шықты. Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Қазір жастарға арналған 2,5%-дық несиеге біз жауап береміз. Алайда 2,5%-дық несие Ауыл шаруашылығы министрлігінде де бар. Алайда біз бұл мәселеге қатысты толық шешім қабылдадық,

деді бірінші вице-министрі Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ақмәди Сарбасов ақпанда тиісті келісімдерге қол қойылатынын да атап өтті.

Оның мерзімі бар. Осы айда жергілікті атқарушы органдар және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап (кредит беруді – автор) бастаймыз. Оған қатысты ешқандай проблема жоқ,

деді министрдің орынбасары.

Жастарға арналған кредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.

Оның негізгі шарттары:

  • микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін);
  • микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
  • микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйектегі Жолдауында жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беруді тапсырған еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

21 час ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

21 час ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

22 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago