250%-тік жалақы: өңірлерде мұғалім болуға құжат қабылданады

20 қыркүйекте кадр жетіспеушілігі бар өңірлерге үздік педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

20 қыркүйекте кадр тапшылығы немесе білім сапасы төмен өңірлерге Үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысу үшін құжат қабылдаудың үшінші кезеңі басталады.

Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарына математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пәні мұғалімдері қажет.

Арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдау шараларының пакеті бар, атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде жалақыны қамтамасыз ету, бұл сондай-ақ жалға алған пәтер және коммуналдық қызметтер төлемін өтеуді қамтиды,

делінген министрлік таратқан хабарламада.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі 16 маусымда басталды. Екінші байқау 11-21 шілде аралығында өтті. Бұл екі байқаудың қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам педагогтан өтініш түскен еді.

Ал үшінші кезең 20 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстан өткен мұғалімдермен еңбек шарты 5 жылға жасалады. 4 облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақша мен орта мектептерден орын алады.

Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар еліміздің педагогтері қатыса алады. Яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қайта даярлаудан өткендер, сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мамандар қатыса алады,

делінген хабарламада.

Конкурсқа сондай-ақ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес гуманитарлық бағыт бойынша, үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратура түлектері қатыса алады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago