Фото: ашық дереккөзден
Үндістандық полицейлер ауқатты жігіттерді сан соқтырған алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Оқиға Джамму және Кашмир одақтық территориясының Сринагар қаласында болған. Қалталы жігіттерді тақырға отырғызған Аврат есімді келіншектің бірнеше сыбайласы болғаны анықталды. Алаяқтың құйтырқы ойларын іске асыруға жеңгетайлар көмектескен. Олар қылмыскерге дәулетті жігіттерді тауып, оларға алаяқ келіншекті әйелдікке алуды ұсынған. Тойдан кейін келіншек күйеуінің бар ақшасы мен асыл бұйымдарын алып, қашып кете берген. Осылайша ол 27 рет күйеуге тиген.
Жәбірленушілердің бірі тойдан кейін Авраттың әке-шешесімен кездескісі келетінін айтқан. Басқа күйеуінен емханаға бара жатқан жолда қашып кеткен. Енді бірде алаяқтың жоспары сәтсіздікке ұшырап, ұрлаған ақшасын күйеуінің әкесіне қайтарып беруге мәжбүр болған. Алайда жәбірленушінің ақшасын қалай қайтарып алғаны белгісіз.
Алаяқтың арбауына түскен жігіттер оның ізіне түсуге тырысқан. Іздеу барысында қылмыскерлердің өз есімдерін жасырып, жалған атпен әрекет еткенін, тіпті құжаттары, мекенжайлар мен телефон нөмірлері да жалған болып шыққаны анықталды. Қалыңдық өзін әр кезде әр қалай таныстырған. Бірде Джахин, екінші күйеуі үшін Ильяса болса, үшіншісімен Шахина болып танысқан. Ұрланған ақшаның нақты сомасы белгісіз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…