Қоғам

3 өңірде жалған құжатпен көлік заңдастырылған

2023 жылдың басында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталған еді.

«Әй, жарайды, 200 мың теңге болсын» деп, бір реттік алым белгіленді.

Алайда, көлік прокурорлары Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да бұл жағдайды пайдаланып қалмақ болған «қаскүнемдердің» қулығын ашты.

Мемлекетке келтірілген залал (алдын ала) 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда.  

Мәселен, 13 сәуірде бір пысықтау азамат «2021 жылы қырғыздан әкелдім» деп жалған құжат ұсынып, «Toyota Highlander» дейтін көлігін қазақстандық есепке қойыпты.

Бірақ прокурорлар бұл көліктің 2022 жылдың 12 қазанында АҚШ-тың «Copart» аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге жеткізілгенін біліп қойды.

Сондағы бар гәп – заңдары өз халқына қолайсыздау келетін елде тұратын әлгі қазақстандық жайдан-жай мемлекетке 2 млн теңгеден астам соманы төлеуден жалтаруға тырысқан.

Тек Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас 160 факті анықталған деседі.

Көлігін заңсыз жолмен заңдастырғаны ашылып қалған қазақстандықтар енді қылмыстық қудалауға ұшырайды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago