Фото: ашық дереккөзден
Абай облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың дерек шықты.
Abai news телеграм арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, аязда үсіп қалған ерлі-зайыпты мен немересі ауылға жақын қалғанда таксиден түсіп қалған.
Қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында болған. Отбасының туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылар 3 жастағы немересін алып, қаладан көрші ауылға қонаққа барған. Түн ішінде үйлеріне қайту үшін жолшыбай көлік тоқтатады. Жақындары жүргізуші оларды түсіріп кеткенін немесе жолаушылар көліктен өздері түсіп қалғанын біле алмай отыр. Белгілісі, ауылға 1 шақырымға қалған олар баланы көтеріп, үйлеріне жаяу беттеген.
Таңертең олардың денелерін тапқанда, тәтем ауылдан 50 метр, ал ағам мен немересі 100 метр жерде жатқан. Туыстары аязды күні жолда адамдарды түсіріп кету себебін нақтылау үшін көлік жүргізушісін іздеп жатырмыз,
дейді отбасының туысы.
Жарма аудандық полиция бөлімшесі бұл деректі растады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…