Қоғам

30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр

Сел ұстайтын бөгет салу кезінде 775 млн теңге қолды болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі «Ақсай» өзенінің бассейніндегі сел ұстайтын бөгет салу кезінде ақша жымқырылғанын айтты. Бұл сол бөгетті тексеру барысында анықталды. Нысан құрылысы толық бітпеген болып шықты.

Нысан құрылысы бойынша мердігердің міндеттемелерін орындамауы салдарынан 30 мыңға жуық алматылықтардың өміріне қауіп төнді. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процестік шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр,

деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі жаға ұстатарлық жағдайды жариялаған еді. Алматыда «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімге келген мердігер ұйымның директоры бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды. Аталған серіктестік «Ақсай бассейні селді ұстау бөгетінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруға кіріскен, алайда қаржының қолды болуына байланысты құрылыс тұралап қалған.

ЖШС-нің жауапты тұлғалары бір топ тұлғаның алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 775 миллион теңгеден асады,

деді ҚМА ресми өкілі.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

11 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

19 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

20 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago